AlmaLoud Grand Show 2026 — Алматыдағы ең ауқымды студенттік вокалдық жобалардың бірі. 2026 жылғы 28 ақпанда КБТУ-дың Тәуелсіздік залында қала университеттерінің 16 үздік вокалисттері басты сахнада бақ сынайды.
Байқау бірнеше кезеңнен өткен іріктеу нәтижесінде ұйымдастырылды — 90-нан астам өтінімнің ішінен ең мықты қатысушылар таңдалды. Көрермендерді жанды дауыстағы әсерлі дуэттер, ArtHouse Band музыкалық сүйемелдеуі және ArtHouse Dancers дайындаған ерекше хореографиялық қойылымдар күтеді.
AlmaLoud — бұл тек конкурс емес, бұл — жарық, әуен және эмоция тоғысқан нағыз шоу. Мұнда жаңа есімдер ашылып, студенттік Алматының заманауи мәдениеті қалыптасады.