Беттер
Сізге қалай көмектесе аламыз?
Бізбен хабарласыңыз, біз сізге кез келген сұрақтар бойынша көмектесеміз+7 778 208 6335
endowment@kbtu.kz
KBTU университетінің ShallQar инженерлік командасы 2026 жылғы Shell Eco-Marathon халықаралық байқауында Қазақстан атынан қатысып, 34 халықаралық команданың арасында 12-орынды иеленді.
Жарыс 21–25 қаңтар аралығында Катар мемлекетінде, Formula 1 Гран-приі өткен Lusail International Circuit трассасында өтті. Команда әзірлеген толық электрлі прототип 1 кВт⋅сағ энергиямен 140 км қашықтықты жүріп өтіп, жоғары энергия тиімділігін көрсетті.
Техникалық көрсеткіштерге сәйкес, прототип 4 айналымды (14,56 км) 23 минутта, орташа 60 км/сағ жылдамдықпен еңсерді. «Тамшы» пішіндес аэродинамикалық корпусы Shell ұйымдастырушылары тарапынан ерекше атап өтілді.
Жоба үш жылдық жүйелі еңбектің нәтижесі болды:
2024 жылы — алғашқы прототип жасалды,
2025 жылы — техникалық инспекциядан сәтті өтті,
2026 жылы — халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсетті.
Командаға жетекшілік еткен — Жомарт Алдамуратов.
КФ «KBTU Endowment» қоры KBTU университетімен бірлесіп, сондай-ақ Supros және Yeta компанияларының қолдауымен студенттердің инженерлік әлеуетін дамытуға үлес қосты.
Алдағы мақсат — әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына ену.